Коронавирустан өлім-жітім көрсеткіші 10% артқан – ДДСҰ

Ulysmedia

Кейінгі бір аптада әлемде коронавирус құрбандарының саны 10% өскен, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады. Өлім-жітім оңтүстік-шығыс Азия мен АҚШ-та ең көп тіркелген. Вирус жұқтыру көрсеткіші жағынан да Америка көш басында. Бір аптада қауіпті инфекция 750 мыңнан аса адамнан анықталған. Бұдан кейін Германия, Ұлыбритания, Франция мен Ресей тұр.

Бүгінде әлемде дельта штамы кең тараған. Екінші орында – омикрон. Ковидтің жаңа түрі осы уақытқа дейін 57 мемлекетте анықталды.