Астана мен Алматыда мемлекетке қайтарылған активтер аукционға шығарылды

Аян Өрібай

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы e-qazyna веб-платформасында қайтарылған активтер аукциондық сауда-саттыққа шығатынын хабарлайды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Ulysmedia коллажы

ҚАШАН ӨТЕДІ

Қайтарылған активтер саудасы алдағы 22 және 26 қарашаға жоспарланып отыр

САУДАҒА НЕ ШЫҒАРЫЛАДЫ

Астана:

  • Тұрғын емес үй-жай (120,8 ш.м.), Астана қаласы, Нұра ауданы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 17-үй, 6-т/е.ү. Бағалау құны – 84 444 497 теңге (+12% ҚҚС);
  • Тұрғын емес үй-жай (175,0 ш.м.), Астана қаласы, Нұра ауданы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 17-үй, 7-т/е.ү. Бағалау құны – 115 748 494 теңге (+12% ҚҚС);
  • Тұрғын емес үй-жай (121,0 ш.м.), Астана қаласы, Нұра ауданы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 17 үй, 8-т/е.ү. Бағалау құны – 84 584 305 теңге (+12% ҚҚС);
  • Тұрғын емес үй-жай (176,1 ш.м.), Астана қаласы, Нұра ауданы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 17 үй, 9-т/е.ү. Бағалау құны – 116 476 056 теңге (+12% ҚҚС).

Астана қаласындағы тұрғын емес үй-жайлар көліктің барлық түрлеріне кіріп-шығу ыңғайлы жерде орналасқан. Орналасқан жері елорданың оң және сол жағалауына шығатын оңтайлы бағытты таңдауға мүмкіндік береді.

Алматы

  • Алматы қаласы бойынша: бір жер телімі, екі әкімшілік ғимарат және бизнестегі екі 100% үлес.
  • Жер учаскесі (226,9192 га) - Наурызбай ауданы, Байтақ ш/а, 1287Б уч., кадастр нөмірі 20:322:041:052.  Бағалау құны – 1 832 264 555 теңге; 
  • Жертөлесі мен төлесі бар 10 қабатты кеңсе ғимараты, «Көктем-2» ш/а, 22-үй. Бағалау құны – 4 377 184 000 теңге (+12% ҚҚС); 
  • Әкімшілік ғимарат, Байтұрсынұлы көшесі, 104А-үй. Бағалау құны – 1 822 991 453 теңге (+12% ҚҚС).

Сауда-саттық болатын күн: 2024 жылғы 22 қараша, сағат 10:00-де.

Ал 2024 жылғы 26 қарашада сағат 10:00-де екі актив бойынша – төмендегі компаниялардың 100% үлестері бойынша сауда-саттық өтеді:

  • «Zharkent Su» ЖШС (Алматы қ., Түрксіб ауданы) – суды жинау және тарату жөніндегі компания. Бағалау құны – 593 139 151 теңге; 
  • «Тұлпар» ЖШС (Алматы қ., Әуезов ауданы) – жылу энергиясын өндіруші бизнес. Бағалау құны – 991 469 139 теңге.

Сауда-саттыққа қатысу үшін E-Qazyna платформасында тіркеліп, кепілдік жарна енгізіп, көрсетілген мерзімге дейін өтінім беру қажет. Сауда-саттық әлемнің кез келген нүктесінен қатысуға мүмкіндік беретін онлайн-форматта өтеді. 

– Қайтарылған активтерді басқару компаниясы ашық, әрі айқын жұмыс істейді. Активтер мен олардың бағалау құны туралы ақпарат ресми сайтта жарияланған, – делінген компанияның хабарламасында.

Бұған дейін мемлекетке қайтарылған активтер ішіндегі 12 млрд теңге сомасы әлеуметтік жобаларға жұмсалатыны хабарланған еді.