Ресей АЭС құрылысын жүргізуге көмектесіп қана қоймай, нақты ұсыныстар жасап отыр – Лавров

Ғалиасқар Думан

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың мәлімдеуінше, Ресей Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша ұсыныст жасағанын, «Росатом» қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia.kz

МӘН-ЖАЙЫ

Қазақстанға жұмыс сапарының нәтижесі бойынша баспасөз конференциясында Ресей сыртқы істер министрі АЭС салу жөніндегі референдумға Ресей тарапының мұқият бақылау жасағанын атап өтті.

«Ресей АЭС құрылысын жүргізуге көмектесіп қана қоймай, нақты ұсыныстар жасады», –  деді Лавров.

Ол сондай-ақ Ресей тарапы басқа елдердің тиісті агенттіктері мен ұйымдарымен ынтымақтастыққа ашық екенін айтты.

«Росатом» бұл жобаны қазақстандық серіктестерімен бірге жүзеге асыру үшін өз құзыретін толық ұсынуға дайын», –  деді ол.

Бқған дейін Энергетика министрлігі "қысқа тізімге" енген ықтималды вендорлармен келіссөз басталғанын хабарлаған.

АЭС РЕФЕРЕНДУМЫ

6 қазанда Қазақстанда АЭС салу бойынша референдум өтті. Оған сай, жалпы дауыс берушілердің 71,12 пайызы бастаманы қолдаған.

ҮКІМЕТ ШОРТ-ЛИСІ

Үкімет АЭС салу мәселесінде 4 ел – Корея, Ресей, Қытай, Франция елдерінің технологияларын зерделеп жатқанын хабарлаған.

ТОҚАЕВ НЕ ДЕЙДІ

Референдумда дауыс берген кезінде ел президенті "АЭС-ті қай ел салады" деген сұраққа үкімет мәселе бойынша нақты талдау жасап, келіссөздер жүргізу керек екенін атап өткен.

Үкімет АЭС салынатын орын ретінде Алматы облысы Балқаш көлінің маңындағы Үлкен ауылын белгілеп отыр