Еліміз коронавирус індетіне қатысты «жасыл» аймаққа орналасты деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Қызыл» аймақта тек Ақмола облысы қалса, Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары «сары» аймақта болып, қалғаны «жасыл» аймаққа шықты.
Жалпы, Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім еткендей, Қазақстан халқының 43,3%-ы, яғни 8,2 млн адам коронавирусқа қарсы толық егілген.
«Бірінші компонент бойынша 8,8 миллионнан астам адам вакцина салдыртты», – деді ол.
Ал жаңадан келген Comirnaty (Pfizer) вакцинасының I компонентін 159 921 адам, IІ компонентін 5 592 адам алған.