×
516.93
542.52
4.98
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.93
542.52
4.98

Өзбекстанда жабайы аңдарды циркте пайдалануға тыйым салынды

08.11.2024, 15:30
Өзбекстанда жабайы аңдарды циркте пайдалануға тыйым салынды
gazeta.uz

Өзбекстанда жеке азаматтарға, цирктерге жабайы аңдарды ұстауға және оларды цирк қойылымдарына пайдалануға тыйым салынды. Аңдарды 2025 жылға дейін зообақтар мен арнайы орталықтарға өткізу қажет, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Gazeta.uz басылымының жазуынша, Өзбекстан үкіметі 5 қарашадағы қаулысы арқылы жартылай еркін немесе жасанды ортада, не болмаса қамауда ұстауға тыйым салынған жабайы жануарлар тізімін бекіткен. Мұндай тыйым 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Сол күннен бастап мемлекеттік және жылжымалы цирктерде жабайы аңдарды ұстауға және циркте көрсетуге тыйым салынады.

ҚАЙДА ҰСТАУҒА БОЛАДЫ

Бұл тізімге енген жануарларды заңды тұлғалар экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігінің рұқсаты негізінде ұйымдастырылған зообақтар мен питомниктерде (террариумдар, аквариумдар, жыландар үйі және т.б.) ұстауға рұқсат етіледі. Өзбекстанның Қызыл кітабына енген жабайы және улы жануарларды тек арнайы питомниктерде ұстауға рұхсат.

АҢДАРДЫ ҚАЛАЙ ӨТКІЗЕДІ

Азаматтар және жабайы жануарларды ұстайтын мемлекеттік және жылжымалы цирктер оларды келісімшарт негізінде ақысыз немесе ақылы түрде зообақтар мен питомниктерге тапсыра алады. Егер жануарлар Өзбекстан фаунасына жатса, олар табиғи мекендеу ортасына қайтарылуы мүмкін. Әйтпесе, оларды елден шығару заң бойынша белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

Үкімет жануарларды зообақтар мен питомниктерге тапсырудың соңғы мерзімі ретінде 2026 жылдың 1 қаңтарын белгіледі. Қосымша тізімдегі жабайы жануарларды заңды тұлғалар үшін ұстау тәртібі де бекітілді.