Синоптиктер не дейді: 9-11 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қалижан Бектемір

«Қазгидромет» РМК 9-11 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Алдағы үш күнде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Синоптиктер болжамынша, Қазақстан аумағының басым бөлігін солтүстік циклон қамтиды, осыған байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: қар жауады, батыс және оңтүстік өңірлерде жаңбыр, қар боран және көктайғақ болады.

Елдің басым бөлігінде екпінді жел соғады, күші 15-29 м/с. 9 қарашада түнде Қостанай облысында, 10-11 қарашада республиканың шығысында қатты қар жаууы болжанып отыр, – делінген хабарламада.

Республиканың оңтүстігінде күндіз ауа температурасы +8-13 дейін, таулы аудандарда +5 градусқа дейін көтеріледі.