Қазақстанға мықты ұлттық идея жетіспейді – Арсен Томский

Сырым Қаржас

inDrive компаниясының басшысы Арсен Томский Қазақстанға қоғамды біріктіріп, ілгерілеуге итермелейтін күшті ұлттық идея керек деп есептейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia коллажы

Ол Zamandas подкастында Қазақстандағы ұлттық идея дағдарысы жайлы ойын атап өтті.

“Егер қазір ұлттық идея болмаса, яғни болмыстың мәні жоқ болса, ол автоматты түрде басқа нәрсемен толтырыла бастайды, өйткені қазір идеология жоқ. Бұл ақша шығар, яғни кез келген жолмен ақша табу. Және бұл, шын мәнінде, сондай күшті де емес гипер-тұтынушы философия. Не дін, не ұлтшылдық сияқты нәрселермен де тола бастайды. Менің ойымша, бұл жүйелердің барлығы қазір жағдайды біршама сақтай алады. Барлығын алға сүйрейтін күшті идеяны тапқан дұрыс», дейді ол.

InDrive

Бұған дейін халықаралық InDrive компаниясының басшысы Арсен Томский Қазақстандағы табысының жартысын қалай талап еткенін айтқан болатын.

Көлік министрлігі inDrive жүргізушілеріне ұзақ сапарларға тыйым салу туралы ұсынысты жоққа шығарады.