Қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам Ресейден экстрадицияланды

Ғалиасқар Думан

Бас прокуратура Қазақстан азаматын қарақшылық шабуыл жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Ресейден экстрадициялады, деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Коллаж

Бас прокуратура мәліметінше, күдікті 2023 жылдың тамыз айында Павлодарда біреудің мүлкін зорлық-зомбылық арқылы иемдену мақсатында осы қылмысты жасау үшін танысымен қылмыстық келісімге келген.    

Жоспарларын жүзеге асыру үшін күдіктілер түнгі уақытты пайдаланып, мас күйінде таныс жәбірленушіні қараңғы жерге апарып, есінен танып қалғанша ұрып-соғып, 200 мың теңге мөлшердегі мүлкін жымқырған. Көптеген дене жарақаттарының салдарынан жәбірленушінің денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтірілген. Сыбайластардың бірі бұған дейін 5 жылға бас бостандығынан айырылған, ал екінші айыпталушы қашып кеткен, сол себепті ол халықаралық іздеуге жарияланған” делінген хабарламада.

Сәуір айында ол Ресейдің Түмен қаласының аумағында ұсталып, Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланған.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оған тағылған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.