Қарағандыдағы ІІМ академиясын басқарған Санжар Әділов министр орынбасары атанды

Ғалиасқар Думан

 Санжар Әділов ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz .

Коллаж Ulysmedia.kz

“Мемлекет басшысының өкімімен Санжар Аскенұлы Әділов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды” делінген ақорда хабарламасында.

ӨМІР ДЕРЕК

Санжар Әділов 1977 жылы туған.

Еңбек жолын 1999 жылдан бастаған. Басшылық қызметте тәжірибесі бар

Әр жылдары ол ішкі істер органдарының тергеу бөлімдерінде (ішкі істер және қаржы полициясы), ҚРІІМ тергеу департаментінде жұмыс істеді. 

2013 жылдан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының полиция департаменті бастықтарының орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылдың қарашасында ҚР Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығы болып тағайындалған.

Соңғы қызмет орны – Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының бастығы.

Полиция генерал-майоры.