Астанада Молдова елшілігі ашылады: Тоқаев Сандумен кездесті

Қалижан Бектемір

ОР29 Дүниежүзілік климат саммиті аясында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Молдова президенті Майя Сандумен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ақорда

Ақорда мәліметінше, мемлекет басшылары екі ел арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастарды, ең алдымен, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейтудің мүмкіндіктерін талқылаған.

Кездесуде Майя Санду келесі жылы Астанада Молдова елшілігінің ашылуы елдер арасындағы ықпалдастықты дамытуға септігін тигізетініне сенім білдірді.

Сондай-ақ президенттер екіжақты жоғары деңгейдегі сапарлар ұйымдастыруға уағдаласты.

Еске салсақ, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ конференциясы аясында өтетін Дүниежүзілік климат саммитіне қатыcу үшін Бакуге жұмыс сапарымен барғанын хабарлаған едік.