×
448.56
478.03
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.56
478.03
4.79

P4P рейтингі: Головкин төртінші орынға сырғыды

10.12.2021, 00:56
Фото: ашық дереккөз

Беделді BoxRec порталы (P4P) әлемнің үздік боксшыларының жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

sports.kz-ның мәліметінше, ауыр салмақтағы WBA, IBF, WBO және IBO чемпионы Александр Усик бесінші орыннан үшінші орынға көтерілсе, үш салмақ дәрежесінің жеңімпазы Теренс Кроуфорд екінші орынды еншіледі. Ал орта салмақтағы IBF/IBO чемпионы Геннадий Головкина екінші орыннан төртінші орынға сырғыды.

Еске сала кетсек, қазақстандық боксшы WBA Super нұсқасы бойынша әлем чемпионы Риота Муратамен 29 желтоқсанда айқасуы керек еді, бірақ Жапониядағы ковид шектеулеріне байланысты жекпе-жек кейінге қалдырылды. BoxRec бойынша P4P рейтингі: 1. Сауль Альварес 2. Теренс Кроуфорд 3. Александр Усик 4. Геннадий Головкин 5. Тайсон Фьюри 6. Энтони Джошуа 7. Майрис Бридис 8. Каллум Смит 9. Йорденим Угас 10. Джош Тейлор.

Серіктес жаңалықтары