Шымкентте 39 жастағы ана оныншы баласын дүниеге әкелді

Сырым Қаржас

Гүлбану Пірімқұлова салмағы 5 келіден асатын қыз баланы дүниеге әкелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

39 жастағы Гүлбану Пірімқұлова салмағы 5 келіден асатын қыз баланы дүниеге әкелді. Қазір анасы мен сәбидің жағдайы жақсы. Көпбалалы отбасы Жанеля, Анеля, Мэлс, Айсана, Нұрислам, Айдана, Хан, Жасмина, Зере, Аяулым есімді 10 баланы тәрбиелеуде. Гүлбану 19 жасында тұрмысқа шыққан. Отасқанына жиырма жыл болған отбасының үлкені қазір студент атанған.

Ұлттық статистикалық бюроның хабарлауынша, биылғы 1 қазандағы жағдай бойынша халық саны 20 223 218 адамды құрады, оның ішінде қала тұрғындары – 12 704 977, ауыл тұрғындары – 7 518 241 адам. Тоғыз айда халықтың жалпы өсімі 189 376 адамды құраған. 2024 жылдың 9 айында Қазақстанда 278,7 мың бала дүниеге келді, қайтыс болғандар саны – 99,5 мың адам. Осылайша, халықтың табиғи өсімі 179,2 мың адамға жеткен.