×
516.93
542.52
4.98
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.93
542.52
4.98

Абхазиядағы наразылық: оппозиция ел президенті отставкаға кетуге келіскенін айтты

Абхазиядағы наразылық: оппозиция ел президенті отставкаға кетуге келіскенін айтты
Фото: Sputnik

Абхазиялық оппозиционерлер президент Аслан Бжания өз қызметінен кетуге келіскенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

КЕЛІССӨЗ ЖҮРІП ЖАТЫР

"Республика" Telegram-арнасының жазуынша, Бжания ел президентінің міндетін атқарушы етіп қазіргі вице-президент Бадра Гунбаны тағайындауды сұраған.

ОППОЗИЦИЯ ЕКІ ҰСЫНЫС ЖАСАДЫ

Дәл қазіргі уақытта үйлестіру кеңесі, Парламент депутаттары мен қазіргі президент арасында келіссөздер жүргізіліп жатқаны айтылады. Оппозиция екі ұсынысты алға тартты:

  • биліктен барлығы кетеді: президент те, вице-президент те, премьер де. Лаша Ашуба парламент спикері ретінде сайлауға дейін президенттің міндетін атқарады.
  • президент, вице-президент, премьер-министр кетеді. Президент барлық тараптарды қанағаттандыратын адамды міндетін атқарушы етіп тағайындайды.

Еске салсақ, бұған дейін Абхазияда оппозицияны жақтаушылар Президент әкімшілігін басып алғанын жазған едік.