×
511.22
540.05
4.73
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.22
540.05
4.73

Сирияға соғысуға кеткен Қазақстан азаматы Түркияда ұсталды

19.11.2024, 10:00
Сирияға соғысуға кеткен Қазақстан азаматы Түркияда ұсталды
ҚР ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ертеректе Сирияға кетіп, қарулы топтардың біріне қосылған азамат Қазақстанға қайтарылғанын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

ҰҚК НЕ ДЕЙДІ

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 16 қарашада Бас прокуратурасымен әрекеттесе отырып Анталия қаласынан Алматыға халықаралық террористік ұйымның әрекетіне қатысы бар деген күдікпен ҚР азаматын алып келген. Тергеу материалына сәйкес, ол ертеректе Сирияға кетіп, қарулы топтардың біріне қосылған. Содан кейін Түркияға жетіп, сол жерде полиция органдарының қолына түскен.

ӨЗІ ДАЙЫН БОЛҒАН

Оның өз еркімен Қазақстанға қайтып, заңмен қарастырылған қылмыстық жауапкершілікті тартуға дайын екені анықталған. ҰҚК фигурантқа қатысты қылмыстық кодекстің 257-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр. Ол сот санкциясымен қамауға алынды.