7 жастағы бала қараусыз қалған: Алматыда пәтер өртенді

Қалижан Бектемір

Алматыда көппәтерлі тұрғын үйден өрт шығып, кішкентай бала құтқарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі

БАЛА ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМГЕ ТАПСЫРЫЛДЫ

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Жетісу ауданы Айнабұлақ-3 шағын ауданында бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде өрт шықты.

Өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден 2017 жылы туған баланы құтқарды. Өрт 50 шаршы метр алаңда сөндірілді. Құтқарылған бала жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды, — деп хабарлады ведомстводан.

ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН

Белгілі болғандай, ұл бала ересектердің қарауынсыз үйде жалғыз болған.

Еске салсақ, бұған дейін Батыс Қазақстанда өрт кезінде екі бала терезеден секіргенін жазған едік.