Шабаданды уазикпен тасиды: Үржар әуежайының жағдайы жұртты налытты

Ғалиасқар Думан

Актер Бақыт Тушаев Абай облысы Үржар ауылына ұшатын ұшақ пен Үржар әуежайындағы жағдайын көріп шошығанын жеткізді, деп жазады Ulysmedia.kz.

видеодан кадр

“Үржарға тойға барып келдім. Тоғыз жолдың торабы Үржардың өзі Алакөлмен жалғасып Туризмге сұранып тұр. Шағын болса да әуежайын дұрыстап туристер үшін сервисті жандандырып қойса. Алакөлге алыс жақын шетелден халық ағылып келер еді. Ішкі рейстерге деген отношение осы. Қазақтарға осы да жарай береді дегендей. Қайтарда Ұшағына отыруға духым жетпеді. Такси жалдап қайттым. Бірақ жолы керемет тақтайдай. Алакөлді брэндке айналдырамыз десек Үржарға көңіл бөлейік жақсылап. Үржар туризм қақпасы” дейді актер

Актер желідегі парақшасында Үржарға ұшып барғанынан видео жариялады.

“Ұшақ аспанда тоқтап қалып, қайта ұшты, қонғанға дейін жүректен жүрек қалмады” деп жазады видеода.

Ол бір жарым сағаттық ұшу өзін 10 жылға қартайтын жібергенін айтады.

Келесіде кадрда актер қонғанын, қуанғанынан жылап жібергенін жеткізген.

Мұнан соң жолаушылардың жүгін ескі Уазик көлігімен әкелгенде актер “Багажник мынау, қай ғасырда қалып кеткенбіз. Зимбабве екен деп қаласың, артта қалып кеткен жоқпыз ба” деп сауал тастайды.

Актердің реакциясын желідегі жұрт әрқалай қабылдап жатыр. Бірі “бұл ауылдағы әуежай ғой” деп түсіністік танытуға тырысса, енді бірі аймақтағы әуежайдың ауыр халіне күрсініс білдірген.