Jaguar ұсынған жаңа электрмобиль автосүйер қауымды өзіне қаратты

Ғалиасқар Думан

Автокөлік өндіруші Jaguar бренді жаңа Type 00 электрмобилінің концепциясын ұсынды. Бұл көлік компанияның жаңа ұраны  –  Copy Nothing («Ештеңені көшірмеу») идеясын жүзеге асырған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Bloomberg

Bloomberg екі есікті купе ұзын капотымен, төмен шатырға өтетін дизайнымен және артқы терезені алып тастайтын фастбэк профильімен ерекшеленетінін жазады.

«Jaguar өз шыңында болғанда, дизайнның стандарттарын жоққа шығарып, E-Type пен XJS сияқты аңызға айналған көліктерді жасап шығарды. Олар құмарлықтың объектілеріне айналды», –  деп түсіндірді Jaguar-дың жаңа жобасы туралы креативті директоры Джерри Макговерн. Type 00 концепті осы бағыттағы жаңа қадам ретінде ұсынылады.

Автокөлікке 23 дюймдік дөңгелектер, сопақ рөл, сондай-ақ салонның бүкіл ұзындығына созылған үш жезден жасалған рейка орнатылған. Ортаңғы рейка орындықтарды бөліп тұрады.

Бұл ерекшеліктер Jaguar-дың жаңа буын көліктерінің дизайны қандай болатынын болжауға мүмкіндік береді. Бірінші электр көлігінің анонсы (GT санатындағы төрт есікті электрмобиль) келесі жылдың соңына жоспарланған. Өндіруші 688 км-ге дейінгі жүріс қорын және жылдам зарядтау мүмкіндігін уәде етеді: бар болғаны 15 минутта 320 км жол жүруге жеткілікті қуат алуға болады.

Jaguar Type 00 концепті екі түрлі түсте ұсынылған: London Blue (көк) және Miami Pink (қызғылт).