Әлеуметтік желілерде Алматы қаласы Түрксіб ауданында әйел адамның денесі табылғаны туралы ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл фактіге қатысты полиция түсініктеме берді.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары кешені жүргізілуде. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды, — деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.
Еске салсақ, бұған дейін Атырауда 23 жастағы Яна Легкодимованың денесін іздеу жұмыстары тоқтатылды.