×
508.05
534.82
5.06
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
508.05
534.82
5.06

«Өлтірсе өлтірсін, мен енді ешкімді тыңдамаймын»: Қаржаубай Нұрымов әділ тергеуді талап етті

10.12.2024, 17:25
«Өлтірсе өлтірсін, мен енді ешкімді тыңдамаймын»: Қаржаубай Нұрымов әділ тергеуді талап етті
Ulysmedia коллажы

Талғарда бауыры Нұрқанат Ғайыпбаевті қара жерге тапсырғаннан кейін Қаржаубай Нұрымов пен оның туған-туыстары құқық қорғау органдары қызметкерлерінен тағы да әділ тергеуді талап етті. Олар жолға шығып, болған жайтты баян етті. Наразылықтарын жеткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаржаубай Нұрымов бауыры Нұрқанатты жер қойнына тапсырғаннан кейін сол жерде талаптарын, байқаған шикіліктерінің себебін келген құқық қорғау органдарының сұрап, жауапты талап еткен. Қаржаубай Нұрқанаттың денесі табылған күні “Киа көлігімен Нұрқанатты бірге іздеп жүрген ПД қызметкерлері жоқ болып кеткенін” айтады. Оқиға орнынан видеоны белсенді Димаш Қаматай таратты.

– Көлікті заңсыз әкетіп бара жатқаннан кейін мен Бағдат Әшімовке (облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары) қоңырау шалып “келіңіз, жігіттеріңіз дұрыс жасап жатқан жоқ” деп айттым. Екі понятой келді. “Кімсіңдер?” десем, әкімдіктен келдік дейді. Мына жерде бәрі болды.

Мен ешкімге арыз жазбаймын. Жазып-жазып болдым. Артымда інім бар ғой деп шыдадым. Өлтірсе мені өлтірсін. Соттаса соттасын. Мен енді ешкімді тыңдамаймын, – дейді Қаржаубай. 

Шерзаттың әпкесі де ашуын жеткізді.

– Біздің бауырымызды құтқарудың орнына қанішерлердің жанында соларды құтқарып жүрсіңдер! Халықты шырылдатпасын! Неге форма киіп жүрсіңдер? – деп құқық қорғау органдарына ашуын төкті Шерзаттың әпкесі.

НҰРҚАНАТТЫҢ ҚАЗАСЫ

9 желтоқсан күні Қаржаубайдың інісі Нұрқанат Ғайыпбаев қайтыс болғаны туралы ақпарат шықты. Ресми мәліметке сәйкес, Нұрқанат Ғайыпбаев өзіне қол салған. Полиция марқұм Ш. Болаттың отбасы барлық уақытта қорғауда болғанын атап өтеді.  

– Осы уақытқа дейін марқұмның отбасына төнген қандай да бір қауіп-қатер тіркелген жоқ. Күзеткен қызметкерлердің түсіндірмелеріне сәйкес, ер адам күзетілетін объектіден сағат 23:30-да шығып кетіп, жеке автокөлікпен кеткені анықталды. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды, - делінген хабарламада.

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырады. Қайғы үстіне қайғыға душар болған Нұрымов әулетінің билікке қояр екі-ақ талабы бар.