Қырғыз ҰҚМК: Елде ұйымдасқан қылмыстық топтар түгел жойылғанын мәлім етті

Ғалиасқар Думан

Қырғызстанда ҰҚТ-мен күрес аясында мемлекеттік бюджетке 50 миллиард сом қайтарылды. Бұл туралы бүгін, 17 желтоқсанда Бішкекте өткен баспасөз конференциясында Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиев мәлімдеді, деп жазады Ulysmedia.kz.

Фото: kaktus.media

Оның айтуынша, ұйымдасқан қылмыстық топтармен күрес аясында мемлекет кірісіне 50 миллиард сом түсті. Олардың қатарында Камчы Көлбаев, Қадыр Досонов, Чыңғыз Жұмағұлов, Еркін Мамбетәлиев және басқа да тұлғалардың мүліктері бар.

"Көптеген мүлік тәркіленді. Бірнеше пансионат пен спорт кешенін сатып үлгердік", – деп келтіреді kaktus.media Ташиевтің сөздерін.

Сондай-ақ, ол Қырғызстанда ұйымдасқан қылмыстық топтардың барлығы дерлік жойылғанын, ал қалғандарының ешбір ресурсы қалмағанын атап өтті.

"Енді қырғызстандықтар ешнәрседен қорықпай, тыныш жұмыс істей алады", – деді Ташиев.

Бұған дейін қырғыз депутаты медреселердегі сұмдық жағдайларды айтқан.