Балқашқа Ресейден төрт жолбарыс әкелінеді

Аян Өрібай

Тұран жолбарысы мен Пржевальский жылқысын тарихи мекенінде қалпына келтіру бойынша екі үлкен жоба биыл жалғасады, деп жазады Ulysmedia.kz.

ашық дереккөзден

Бұл жайлы үкімет отырысында экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты.

– Жолбарыстарды тарихи мекеніне қайта жерсіндіру жөніндегі бағдарламаны іске асыру аясында Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты (2018/415 мың га) құрылды. Жолбарыстың табиғи азық қорын қайта қалпына келтіру үшін 2018 – 2024 жылдар аралығында резерваттың аумағына 205 бас тоғай бұғысы әкелінді,  100-ден астам құланды қоныс аудару жұмыстары жүргізілді, еліктер мен қабандар популяциясы көбейтілді. Биыл күзде Іле-Балқаш резерватында арнайы торлы қоршауда өсіру үшін Нидерландыдан 2 жолбарыс әкелінді.  2025 жылы Ресей Федерациясынан 3-4 жолбарысты алып келу күтілуде, – деді ол.

Әкелінген жолбарыстардың тұқымдары Қазақстан аумағында 70 жылдан кейін қайта пайда болған алғашқы жабайы жолбарыстар болмақ.