Алматыда электрик болып киінген қылмыскер екі адамды атып кетті

Сырым Қаржас

Полиция департаменті 20 желтоқсанда Алматы аудандарының бірінде атыс болғанын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

sharij.online

Наурызбай аудандық полиция басқармасы аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғады.

– Аталған қылмысты ашуға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының кешені жүргізілуде, - деп хабарлады сол жерде.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде оқиғаның егжей-тегжейі айтылып жатыр. Пайдаланушылардың айтуынша, белгісіз адам өзін электрик ретінде көрсете отырып, NEF Uptown элиталық тұрғын үй кешеніндегі пәтерді тонамақ болған. Бетперде киген шабуылдаушы пәтерлердің біріне қоңырау шалып, қарумен қорқытып, ерлі-зайыптыларды атып тастаған.