«Әлем аруы» байқауының финалы кейінге шегерілді

Ulysmedia

«Әлем аруы – 2021» сұлулық байқауының финалы қатысушылар арасында COVID-19 тарағаны белгілі болғаннан кейін соңғы сәтте кейінге шегерілді. Бұл туралы байқаудың Facebook желісіндегі ресми парақшасында жазылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

17 желтоқсан күні Пуэрто-Риконың Сан-Хуан қаласында 70-ші халықаралық сұлулық байқауының финалы өтуі керек еді. Қазылар алқасы әлемнің 97 елінен келген қатысушылар арасынан жеңімпазды анықтауы қажет болатын. Кейінге қалдыру туралы шешім қатысушылар мен ұйымдастырушыларды жаңа коронавирус инфекциясының бар-жоғын тексергеннен кейін қабылданды.

«Бүгін таңертең инфекцияның қосымша жағдайлары расталды. Денсаулық сақтау қызметкерлері мен сарапшылармен кеңескеннен кейін кейінге қалдыру туралы шешім қабылданды", - делінген хабарламада.

Жаңа деректерге сәйкес, шара алдағы 90 күнде өтеді.

Еске сала кетсек, 23 жастағы ақтөбелік Назерке Қарманова «Әлем аруы» байқауында Қазақстан атынан қатысу құқығына ие болды. Ол Ақтөбе қаласындағы Қазақ-Орыс халықаралық университетін есепші мамандығы бойынша тәмамдаған. Қазір ол Алматыға көшіп, банктердің бірінде клиенттерге қызмет көрсету бөлімінің менеджері болып жұмыс істейді. Ол садақ атумен айналыса бастады. Сонымен қатар, бейнеролик пен фотосуреттер түсіргенді ұнатады.