Салют атқанда сақ болыңыз: отшашуды қалай дұрыс пайдалану керек

Сырым Қаржас

Жаңа жыл қарсаңында жұрттың бәрі отшашу атып, мерекеге сән қосатыны белгілі. Десе де, отшашуды дұрыс пайдаланбаса, адам денсаулығына зиянын тигізуі мүмкін. Ulysmedia.kz осы ретте отшашуды қалай қауіпсіз пайдалану керектігін оқырманның есіне салуды жөн көреді.

ашық дереккөзден

МЕРЗІМІ ӨТКЕН ПИРОТЕХНИКАНЫ ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ

Қазақстанда салют сатып алу оңай. Пиротехникалық өнімдерді сатып алғанда оның қазіргі жағдайына назар аударған жөн. Қаптаманың тұтастығына көз жеткізіп, пайдалану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқу керек. Сатып алынатын пиротехника тиісті құжаттамамен бірге жүруі тиіс, сатушыдан сапа сертификатының бар-жоғын да тексеріп алған артық етпейді. Тауардың көп түрі сияқты, пиротехниканың жарамдылық мерзімі бар, содан кейін өнімді пайдалануға болмайды.

Пиротехникалық заттарды сатып алсаңыз, оны тасымалдау кезінде шайқап, құлатуға болмайды. Пиротехниканы құрғақ бөлмеде, балалардан алыс жерде сақтау керек. Оны пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерімен танысқаннан кейін ғана отшашуды қолданыңыз.

ОТШАШУДЫ ҚАЛАЙ ДҰРЫС АТУ КЕРЕК   

Нұсқаулықты оқып шығыңыз. Оны пайдаланар кезде қауіпсіз аймақтың радиусына және әрекет алгоритміне назар аударыңыз. Классикалық вариацияда пиротехника ғимараттардан, ағаштардан және электр желілерінен 100 метрден астам қашықтықта тегіс жерге орналастырылады.  

Отшашу ретімен атылуы үшін оны қолыңыздан келгеннің бәрімен – кірпішпен немесе құммен нығайту керек. 

Фитиль жанған кезде, қондырғыдан мүмкіндігінше тезірек қашып, пиротехникалық шоуды көруге дайындалу үшін бәрін ескерту керек. Егер сіз қандай да бір себептермен снарядтың аспанға атылғанын көрмесеңіз, онда 15 минут күтіңіз, содан кейін су арқылы отшашуды залалсыздандырыңыз. Сондай-ақ, отшашу толық атылып болғаннан кейін де барлық снарядты сумен өшірген дұрыс.   

Пиротехникалық шоу аяқталғаннан кейін отшашудың орнын тазалап тастау керек. Ол жерде снарядтың жарылуынан және жұмыс істемейтін қондырғылардан бөлшектер қалмағанына көз жеткізіңіз.