Қызылордадағы секс-құлдық: сауна әкімшісі 4,5 жылға сотталды

Ғалиасқар Думан

Қызылорда облысында 16 жастағы оқушы қызды сексуалдық құлдыққа тартуға қатысты атышулы іс бойынша тағы бір үкім шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

kzl.sud.kz

Бұл туралы Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Қылмыстық іс Қызылорда қаласының №2 сотында жабық сот отырысында қаралды.

СОТТА АНЫҚТАЛДЫ

Сотталушы жәбірленушінінің кәмелет жасына толмағанын біле тұра, пайдакүнемдік мақсатты көздеп, оны бірнеше рет жезөкшелікпен айналысуға тартқан. Сондай-ақ сотталушының кінәсі оқиға орнын қарап-тексеру және беттестіру жүргізу хаттамаларымен, жәбірленушінің жауаптарымен дәлелденді.

ТАРАПТАРДЫҢ ҰСТАНЫМЫ

Прокурор сотталушыны кінәлі деп танып, ҚК 55-бабының 2-бөлігін қолдана отырып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленушінің өкілі сотталушыны кешіретінін және жазаға қатысты мәселені соттың қарауына қалдыратынын көрсетті. Қорғаушы сотталушыны ҚК-тің 309-бабы  2-бөлігі,  2), 3)-тармақтары бойынша ақтауды сұрады.

СОТ ҮКІМІ

Сот үкімімен сотталушы ҚР ҚК 309-бабы 2-бөлігінің 2),3)-тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.