Қазақстан кәсіпкері Қанат Көпбаев ел экономикасының қазіргі жағдайы тоқырауда деп есептейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
– Егер сіз жылдық 20% несие алсаңыз, онда сіз өмір бойы банкке жұмыс істейсіз. Бірде-бір инвестициялық жоба 20%-бен жасалмайды. Жалпы, меніңше, үкіметте маған ұрсатын шығар, бірақ қазір Қазақстан экономикасында тоқырау байқалады, - деді ол
Стагнация – ұзақ уақыт бойы өндіріс пен сауданың тоқырауымен сипатталатын экономика жағдайы. Тоқырау жұмыссыздар санының артуымен, жалақының және халықтың өмір сүру деңгейінің төмендегенін көрсетеді. Ол нөлдік немесе шамалы өсім қарқынымен, экономиканың өзгермейтін құрылымымен, оның инновацияларға, ғылыми-техникалық прогреске иммунитетімен көрінеді. Тоқырау жағдайы 1930 жылдары АҚШ экономикасына, 1980 жылдардың аяғында Кеңес одағы экономикасына тән болды.
ҚАНАТ КӨПБАЕВ
2024 жылы мамырдағы Forbes рейтингінде Қанат Көпбаев Қазақстанның ең бай 75 бизнесменінің тізімінде болды. Оның байлығы 170 миллион долларға бағаланады.
Қанат Көпбаев – Еркін Тәтішевтің (рейтингте 27-ші орында) және Дәулет Нұржановтың (49-шы орында) Kusto Group бойынша серіктесі. Kusto Group Pte Ltd басқарушы директоры және директорлар кеңесінің мүшесі. Израильдің Тambour бояу зауыты мен Вьетнамдағы Coteccons Construction құрылыс компаниясы кіретін топтың құрылыс сегментін қадағалайды.
Қазақстанда топ "Kazpetrol Group" мұнай компаниясына, Сompass ЖМҚС желісіне, "Kusto Home" құрылыс ЖШС, Семей қаласындағы "Semey Tannery" ЖШС қожмехкомбинатына, Павлодардағы "Kazcenosphere's" ЖШС зауыты және Wendy ' s фастфуд желісінің франшизасына иелік етеді.