Ақтаудағы ұшақ апаты: экипаж бен диспетчердің сөйлескендері жарияланды

Ғалиасқар Думан

Ақтау әуе кеңістігінде болған оқиға барысындағы рейс экипажы мен диспетчерлер арасындағы радиоалмасу жазбалары тарап жатыр. Арпалысқа толы ақтық минуттар бортта болған ауыр оқиғаның мәнін аша түспек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
 

Ашық дереккөзден

«Басқару істен шықты, кабинаға құс соғылды»

Радио алмасу жүйелі түрде басталған: экипаж Бакудегі балама әуежайға қайтатынын растаған. Алайда сағат 08:16-да ұшқыштар басқаруға ие бола алмай, кабинаны құс соққанын хабарлады.

Vsevolod Broadcasts Telegram-арнасының сілтемесі бойынша, эфирде «Ұшқыштар кабинасына құс соғылды, басқару істен шықты...», делінген.

Бұл дабыл сигналының алғашқысы.

Әуе қозғалысының диспетчері экипажға қандай көмек қажет екенін бірден сұрады, бірақ байланыс уақыт өткен сайын түсініксіз бола берген. Жағдайдың нашарлауына байланысты ұшқыштар әуелде ұшуды жоспарлаған Минеральные Водыдағы ауа райы туралы мәліметтерді сұрады. Алайда көп ұзамай ұшақты басқару мүмкін болмай бара жатқаны белгілі болды және экипаж Махачкалаға қайта бағыттауды сұрады.

Гидравликалық ақаулар және байланыстың нашарлауы

Сағат 08:22-де ұшқыштар гидравликалық ақау туралы хабарлағанда, жағдай күрделене түсті. Осыған қарамастан, диспетчерлер экипажға Махачкаладағы бағыт пен ауа райы туралы мәліметтерді беру арқылы қолдау көрсетуді жалғастырды. Бірақ барған сайын түсініксіз болған жабдық пен коммуникацияларға қатысты проблемалар көбірек алаңдаушылық туғызды.

«AXY8243, растаңыз, апат жарияладыңыздар ма?» – деп сұрады диспетчер.

Экипаждың жауабы түсініксіз болды. Сағат 08:26-да ұшқыштар өздерінің сол сәттегі биіктігін 80 деп көрсеткен және және FL100-ге көтерілмек болып, бірақ олардың жағдайы одан әрі күрделене түскен.

Байланыс үзілді

Радио алмасудың соңғы минуттары бақылауды Ростовтық бақылауға бергенңн тіркеді. 08:27-де экипаж жиіліктің «Ростовтық басқару 134.1 AXY8243» болып өзгеруін растады. Бірақ көп ұзамай ұшақпен байланыс мүлдем үзілді.

ҰШАҚ АПАТЫ ТУРАЛЫ

25 қазан күні Ақтауда Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан Әзербайжанның ұшағы апатқа ұшырады. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев ұшақ апатынан 38 адам қаза тапқанын ресми мәлімдеді.

Azerbaijan Airlines авиакомпаниясының деректері бойынша бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың арасында: Қазақстанның 6 азаматы, Әзербайжанның 42 азаматы, Қырғызстаннан 3, Ресейден 16 азамат бар.

ТЖМ апатқа ұшыраған ұшақтағы адам саны туралы түпкілікті ақпаратты жариялады. Оқиға салдарынан 29 адам, оның ішінде 2 бала ауруханаға жатқызылды. Оның ішінде 15 Әзірбайжан азаматы, 9 Ресей азаматы, 2 Қырғызстан азаматы, 3 адамның азаматтығы анықталуда.

Ақтау маңында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланып, кинологтар іске кірісті.