Грозныйдың үстінде жарылысты, соққы жасалғанын сездік – апатқа ұшыраған ұшақтағы бортсерік

Сырым Қаржас

Ұшақ апатының стюардессасы Айдана Рагимли Грозныйдың үстінде ұшып келе жатқанда сырттан соққы жасалғанын, жарылысты естігенін айтты, деп жазады Ulysmedia.kz

скриншот

Бұл туралы бортсерік Әзербайжанның телеарнасына берген сұхбатында айтты. Ол салонда оттегі балоны жарылғанын жоққа шығарады. Бортсеріктің сөзінше, Грозныйдың үстінде ұшақ екі соққыны анық сезген. Осыдан кейін салонның ішінде оттегі маскалары салбырап түсе бастаған.

Ол әріптесімен бірге жағдайды тексере бастаған кезде екінші соққыны сезген. Сол кезде екінші бортсерік Зульфугар Асадов жарақат алған.

 Рагимлидің сөзінше, оттегі цистернасы жарылса, ешкім аман қалмас еді.

– Сынықтар ұшаққа тиді. Оттегі цилиндрінің жарылғаны  сенімді ақпарат емес. Егер оттегі цистернасы жарылып кетсе, біз тірі қалмас едік, – дейді стюардесса.

EURONEWS: ҰШАҚТЫ РЕСЕЙ ЗЫМЫРАНЫ АТЫП ТҮСІРГЕН

Euronews бұған дейін Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақ ресейлік зымыраннан атылғанын мәлімдеген еді. Басылым Әзербайжан үкіметіндегі дереккөздерге сүйеніп, апат Грозный үстінде ресейлік зымыраннан атқаннан болған деп жазады сенімді түрде. Осындай нұсқаны әлемдік БАҚ-тар да жарыса жазып жатыр.

АҚТАУ МАҢЫНДАҒЫ АПАТ

25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап38 адам қаза тапты.

Бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың 6-ауы Қазақстан, 42-сі Әзербайжан, 3-еуі Қырғызстан, 16-сы Ресей азаматы. 29 адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, олардың арасында екі бала бар. Апаттан аман қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың тізімін жариялады. Ұшақ апатына байланысты қылмыстық іс ашылып, қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін Үкіметтік комиссия құрылды.