Ақтаудағы ұшақ апатының тергеуіне түрік мамандары қосылды

Сырым Қаржас

Ақтау маңында Azerbaijan Airlines (AZAL) ұшағының апатын тергеуге сегіз түрік маманы қатысады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia коллажы

АҚПАРАТТЫҢ АНЫҚ-ҚАНЫҒЫ

Бұл туралы Түркияның көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоглу мәлімдеді. Оның айтуынша, сараптау комиссиясы Әзірбайжан мемлекеттік азаматтық авиация агенттігінің сұранысы бойынша құрылған.

СӨЗБЕ-СӨЗ

 – Біз техникалық және операциялық талдау жүргізіп, қажетті қолдау көрсетеміз. Біз құзырлы органдармен келісе отырып, оқиғаның толық мән-жайын зерттеп, нәтижелерін хабарлайтын боламыз. Түркия кез келген жағдайда Әзірбайжанды қолдайды» деді.

Белгілі болғандай, делегация 27 желтоқсан күні кешке Бакуге келіп жетті.

EURONEWS: ҰШАҚТЫ РЕСЕЙ ЗЫМЫРАНЫ АТЫП ТҮСІРГЕН

Euronews бұған дейін Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақ ресейлік зымыраннан атылғанын мәлімдеген еді. Басылым Әзербайжан үкіметіндегі дереккөздерге сүйеніп, апат Грозный үстінде ресейлік зымыраннан атқаннан болған деп жазады сенімді түрде. Осындай нұсқаны әлемдік БАҚ-тар да жарыса жазып жатыр.

АҚТАУ МАҢЫНДАҒЫ АПАТ

25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап38 адам қаза тапты.

Бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың 6-ауы Қазақстан, 42-сі Әзербайжан, 3-еуі Қырғызстан, 16-сы Ресей азаматы. 29 адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, олардың арасында екі бала бар. Апаттан аман қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың тізімін жариялады. Ұшақ апатына байланысты қылмыстық іс ашылып, қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін Үкіметтік комиссия құрылды.