Халыққа қызмет көрсету орталықтары мереке күндері қалай істейді

Ғалиасқар Думан
ашық дереккөзден

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы халыққа қызмет көрсету орталықтары мерекеге орай қалай істейтінін хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Корпорациясы мәліметінше, 1 және 3 қаңтар аралығында Жаңа жыл мерекесіне орай ХҚКО мен МХҚКО жұмыс істемейді. Ал 4 қаңтар, яғни сенбі, кезекші орталықтар үшін жұмыс күні.

Азаматтарды қабылдау 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асады.

5 және 6 қаңтар күні елдің барлық орталықтары әдеттегі кесте бойынша жұмысын жалғастырады. 7 қаңтар күні православиелік Рождество тойланатындықтан, бұл күн ХҚКО мен МХҚКО үшін демалыс.

Өалыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін азаматтарды қабылдайды. Кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары дүйсенбіден жұмаға дейін 9.00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күндері 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.

Кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтардың мекенжайларын Мемлекеттік корпорацияның Instagram желісіндегі ресми парақшасы және 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы білуге болады.