2025 жылдан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш 3692 теңгеден 3932 теңгеге ұлғаяды. Демек, әлеуметтік төлемдермен қатар, шәкіртақы да өседі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бакалавриаттағы студенттер бұдан былай 52 372 теңге (+5 100 теңге), педагогикалық бағыт және медициналық бағыттағы студенттерге 84 000 теңге беріледі. Интернатурадағыларға 94 863 теңге (+9 180 теңге), магистратурада оқитындар 117 098 теңге (+2 223 теңге), докторантурада оқитындарға 262 500 теңге (+5500 теңге) беріледі.
Ulysmedia.kz бұған дейін көлік тізгініндегі азаматтар көбірек төлейтін айыппұлдардың мөлшері қалай өсетінін шолып шыққан болатын.
Тағы да оқыңыздар: Зейнетақы, жәрдемақы, декреттік төлемге 2025 жылдан бастап қанша қосылады.