×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

«Спартак» командасының капитаны қазақ қызына үйленді

19.12.2021, 19:50

Тойды белгілі асаба, шоумен Тұрсынбек Қабатов басқарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Экономист Рахым Ошақбаевтың әйелі Әлия Ошақбаеваның сторисінде түсірілген видеоға қарасақ, «Спартак» командасының капитаны Георгий Джикия қазаққа күйеу болып отыр. Тойға барған меймандардың әлеуметтік желілерінде жиынның видеофрагменттері жарияланған. Бай-бақуаттылар жиналған жиында белгілі әнші Бүркіт пен Айша, Сүндет Байғожин ән салып жүр.

Тойда гүржі келінін ортаға әнші Қарақат Әбілдина әнімен алып шыққан. Қазақтар жақтан құдалар Грузиядан келген меймандарға шапан жапқан.

«Шапан кигенде Кенесары ханнан аумайды екенсің» - деп қалжыңдайды күйеужігітке асаба Тұрсынбек Қабатов.

Серіктес жаңалықтары