Тибетте жойқын жер сілкінісі болып, 53 адам қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жер сілкінісінің магнитудасы 7,1 балл болған. Зілзала Шигадзе қаласында тіркелген. Сонымен қатар, куәгерлердің сөзінше, жер сілкінісі Непал, Үндістан, Бутан мен Бангладеште де сезілген.
Табиғи апат болған қала тұрғындары дүрлігіп, үйінен қашып кеткен.
Қытайдың сейсмологиялық желі орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Тингри округінде 10 шақырым тереңдікте болған.
BNO New хабарлауынша, кемінде 53 адам қаза тауып, 38 адам зардап шеккен. Ал жер сілкінісінің эпицентрі болып анықталған Тингри аймағында мыңға жуық үй қираған.
Тингри округі мен оның төңірегінде жойқын жер асты дүмпулері болды, эпицентрге жақын орналасқан көптеген ғимарат қирады, - деп хабарлады CCTV мемлекеттік телеарнасы.
Жер сілкінісі болған аймақта 62 мыңға жуық адам тұрады. CENC мәліметінше, бұл өңірде кейінгі бес жылда болған жойқын зілзала.