Солтүстік Корея сарбаздары 9 мамырда Мәскеудегі парадқа қатысады

Сырым Қаржас

Солтүстік Кореяның әскери қызметшілері Жеңістің 80 жылдығына байланысты 2025 жылы 9 мамырда Мәскеуде өтетін Жеңіс шеруіне алғаш рет қатысады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы NHK жапон телерадиокомпаниясы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Солтүстік Корея әскери күштерінің шеруге қатысатыны жөнінде шешім қабылданған. Мәскеудегі шеруге КХДР-дан бірнеше ондаған әскери қызметші барады. Солтүстік Корея армиясы Ресейдегі Жеңіс шеруіне алғаш рет қатысқалы отыр. 

Сонымен қатар, Солтүстік Корея әскери оркестрі 2025 жылдың тамыз айының соңында Мәскеуде өтетін музыкалық шараға қатысады.

Ресей қорғаныс министрлігі биыл Мәскеуде, сегіз қалада және әскери штабтар орналасқан тағы 19 қалада өтетін Жеңіс шеруіне дайындықты бастады.