Қазақстанда коронавирустан ПТР-тестілеу бағасы арзандады

Ulysmedia

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі елдің барлық өңірінде қызмет көрсететін «Ұлттық сараптама орталығы» мекемесінің COVID-19-ға ПТР-тестілеу қызметінің құнын 6,4-тен 4,9 мың теңгеге дейін төмендетуге қол жеткізгенін мәлімдеді деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Алматы қаласында (Innova зертханасы) 6 мың теңгеге дейін, Атырау облысында (Interteach, Вестерн, Достар Мед Престиж) ПТР-тест құны 7 мыңнан 5 мың теңгеге дейін арзандаған.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен Түркістан қалалық ауруханасында жасалған монополияға қарсы комплаенс аясында аталған медициналық мекеме ПТР-тест бағасын 7 мыңнан 4,9 мың теңгеге дейін түсірген.

«Сонымен қатар, республика бойынша филиалдары бар ірі желілік зертханаларда COVID-19 ПТР-тестілерінің бағасы бұрынғы күйінде қалып отыр, орташа алғанда 7,4 мың теңге көлемінде. Бұрын, агенттіктің аумақтық бөлімшелерімен жасалған монополияға қарсы комплаенс шеңберінде КДЛ «Олимп» ЖШС мен «Инвиво» ЖШС-мен қосқанда, 36 нарық субъектісі 2020 жылдың қазанында бағаны 12 мыңнан 9 мың теңгеге дейін, ал кейін 2021 жылдың ақпанында 7 мың теңгеге дейін төмендетті», – дейді агенттіктен.

2022 жылдың бірінші тоқсанында да ПТР-тестілеу нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жасалмақ.

Осы орайда, бүгінде, елімізде бір тәулікте ПТР арқылы індет анықталған 416 науқас анықталып, жалпы олардың саны 2020 жылдың наурызынан бері 984 079 адамды құрап отыр.