20 қаңтарда Түркістан облысының Түлкібас ауданында бірнеше жүк вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz OTYRAR-ға сілтеме жасап.
МӘН-ЖАЙ
Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қалған пойыздар штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатыр.
Оқиға орнында Шымкент стансасындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Қылмыстық іс аясында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 344-бабының 1-бөлігі – жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
- Басқа ақпарат жариялауға жатпайды. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлады көліктегі полиция басқармасының баспасөз қызметі өкілдері.
Жол бойындағы көлік қозғалысын тезірек қалпына келтіру үшін қалпына келтіру топтары апаттың салдарын жоюға кірісіп кетті.