×
529.99
546.63
5.21
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
529.99
546.63
5.21

Митингке рұқсат бермесе әкімдіктер балама ұсынсын – Конституциялық сот

Митингке рұқсат бермесе әкімдіктер балама ұсынсын – Конституциялық сот
Ашық дереккөзден

Конституциялық сот бейбіт жиын өткізуге рұқсат бермеген Астана әкімдігінің үстінен шағымданған азаматтардың арызын қарады. Құзырлы орган "бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заң нормаларына талдау жасаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ӨТІНІШ ЖАЙЛЫ

2023 жылы 9 ақпанда Астана тұрғындары цирк алаңына жақын маңда бейбіт жиын өткізу үшін әкімдіктен рұқсат сұраған. Әкімдік өтінім берген азаматтарға ол кезде сұранған орында басқа іс-шара өткізілетінін айтқан.

Конституциялық соттың шешімі 

  • Азаматтардың құқықтары: Конституция бейбіт жиналыстар құқығына кепілдік береді, бірақ ол қауіпсіздік үшін, қоғамдық тәртіптің сақталуы, басқалардың құқығы үшін шектелуі мүмкін.  
  • Әкімдіктердің міндеті: жиналысты өткізуден бас тартпас бұрын әкімдік ұйымдастырушыларға басқа орын немесе уақыт ұсынуға міндетті. Егер ұйымдастырушы келіспесе, бас тартқанын негіздеуі керек.  
  • Азаматтарға арналған ақпарат: әкімдіктер өз сайттарында жиналыстарға арналған орындардың жұмыспен қамтылуы туралы деректерді, қатысушылардың күні, уақыты мен санын жариялауы тиіс.

СОНДА ҚАЛАЙ

Конституциялық сот заңда бейбіт жиналыстарды өткізуден бас тарту туралы шешім негізді әрі дәлелді болуы тиіс деп санайды. Заңға сәйкес, шағым жасалуы мүмкін деген императивті талап қамтылатынын да атап өтеді.

Сондықтан әрбір нақты жағдайда бейбіт жиналысты өткізуден бас тарту туралы шешім іс-шаралардың мақсаттарын, өзектілігін, қоғамдық маңыздылығын және ауқымын, сондай-ақ өзге де объективті факторларды ескере отырып, барлық мән-жай мен ықтимал тәуекелдердің егжей-тегжейлі талдауына негізделуге тиіс, – делінген түсіндірмеде.

Конституциялық сот бейбіт жиын ұйымдастырушылар мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы келісім рәсімдері шеңберінде өткізіледі деп көрсетті. Осылайша, КС бас тарту туралы шешім қабылдар алдында жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналысты ұйымдастырушыға “осындай ұсыныс енгізуге” міндетті деп қаулы шығарды.