×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Семейдің радиациялық ластанған жерлерінде халық мал бағып отыр

Семейдің радиациялық ластанған жерлерінде халық мал бағып отыр
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Бұл туралы «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» заң жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстелде энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Полигонды жапқалы бері бірқатар түйткіл анықталды. Мәселен полигон аумағы үш облысқа тиесілі болғандықтан, қауіпсіздікті қамтамасыз ету қиынға соғуда. Оның үстіне радиоактивті ластануға мониторингтің үздіксіз жүргізілмеуі зиянды заттардың елдімекендерге әсер етуі бойынша өзекті деректерді алуға мүмкіндік бермеуде. Екіншіден, халықтың ластанған жерлерге қолжетімділігі еш шектелмеген. Сәйкесінше бұл денсаулыққа зардап келтіруі ықтимал. Мысалға 2017-2018 жылдары бұрынғы полигон аумағында 139 қыстау мен жайлау анықталып, оның 68-інде адамдар тұратыны тіркелді. Бұл дегеніңіз, ол жерлерде мал бағылады деген сөз», – деді ол.

Ахуалды зерделеудің тыңғылықты жүргізілмеуінен таза әрі жарамды жерлерді бөліп алып, шаруашылық қолдануға табыстау жағы ақсауда. Осы орайда, министр, қаралудағы заңдардың осындай мәселелерді шешу мақсатында әзірленіп жатқанына сендірді.