АҚШ Канада, Мексика және Қытай тауарларына жоғары баж салығын салмақ

Сырым Қаржас

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт 1 ақпаннан бастап АҚШ Канада, Мексика және Қытайдан келетін тауарларға ірі баж салығын енгізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ФОТО: Yuri Gripas - Pool via CNP | picture alliance / Consolidated News Photos

САЛЫҚТЫҢ КӨЛЕМІ

Мексика мен Канададан импортталатын тауарларға 25 пайыз салық салынса, Қытайдан келетін тауарларға 10 пайыз салық енгізілді.

Импортқа баж салығын енгізу АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамптың сайлауалды бағдарламасы кезіндегі ең негізгі пунктердің бірі болған.

Трамп шешімінде көрсетілген импорт Америка экономикасының маңызды бөлігі. АҚШ-тың мұнай өндіру өнеркәсібінің шамамен 20-25 пайызы Канада мұнайын пайдаланады. Канада мұнайының 70 пайызы АҚШ-қа экспортталады. АҚШ-қа импортталатын жеміс-көкөністердің шамамен 64 пайызы Мексикадан келеді.

Ақ үй аталған шара қымбатшылыққа апармас үшін қандай да бір шара қолданылатыны жөнінде айтпады.

КАНАДАНЫҢ ЖАУАБЫ

Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо мұндай шараға дайын екенін және жауап беретінін де мәлімдеді. Ол алдағы уақытта Канаданы "күрделі күндер мен апта" күтіп тұрғанын айтып, үкімет АҚШ-қа "лайықты жауап береді" деді. Ол баж салығын АҚШ-тың өзіне де, Канадаға керек емес шара деп атады.

No one — on either side of the border — wants to see American tariffs on Canadian goods.

I met with our Canada-U.S. Council today. We’re working hard to prevent these tariffs, but if the United States moves ahead, Canada’s ready with a forceful and immediate response.

— Justin Trudeau (@JustinTrudeau) January 31, 2025