Мексика шығанағының атауын ресми түрде өзгертіп, Америка шығанағы деп өзгерту процесі басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
АҚШ пайдаланушылары шығанақ атауы өзгертілгенін қазірден көре алады. Бұл туралы Google корпорациясы компанияның блогында хабарлады.
АҚШ-та жер атауларының ақпараттық жүйесі (GNIS) ресми түрде Мексика шығанағын Америка шығанағы деп жаңартты, - делінген компания хабарламасында.
Google АҚШ-тағы карталарды пайдаланатын адамдар "Америка шығанағы" атауын, ал Мексикадағы пайдаланушылар "Мексика шығанағы" атауын көре алатынын атап қтті. "Қалғандары екі атауды да көреді" деп қосты компания.
Бұған дейін Мексика үкіметі Google корпорациясына жазған хатында АҚШ президенті Дональд Трамптың Мексика шығанағы атауын Америка шығанағына ауыстыру туралы жарлығы АҚШ-тың аумақтық су айдындары немесе жағалаудан 12 миль қашықтықта ғана күшіне ие деп мәлімдеді.
21 қаңтарда АҚШ президенті Дональд Трамп Мексика шығанағын америкалық, ал Солтүстік Американың ең биік тауы Деналиді Маккинли тауына ресми түрде қайта атау процедурасын бастайтын жарлыққа қол қойған. Google өзінің Google Maps қызметінде Мексика шығанағын Америкалық деп өзгертетінін, сондай-ақ географиялық атаулар ақпараттық жүйесінде (GNIS) тиісті өзгерістер пайда болғаннан кейін Денали тауын Маккинли тауына ауыстыратынын хабарлады.