Экс-судья Жолмановаға қатысты істі тергеу аяқталуға жақын

Сымбат Сатыбалдина

Алматы қаласы Медеу аудандық сотының бұрынғы судьясы Светлана Жолмановаға қатысты қылмыстық іс аясында ондаған эпизод тергеліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia.kz коллажы

50 ЭПИЗОД

Бұл туралы Ulysmedia тілшісіне тек үш жәбірленушінің мүддесін қорғап отырған адвокат Радмир Өтепов айтты. Оның сөзінше, Жолмановаға қатысты 50 эпизод бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

- Іс аяқталуға жақын. Светлана Жолмановаға қатысты 50 эпизод тергеліп жатыр. Барлық дәлел жиналды, сараптамалар жүргізілді, – деді ол.

ІСТІҢ ТАРИХЫ

2021 жылдың 28 сәуірінде Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы Светлана Жолманова алаяқтық жасады деген күдікке ілінген болатын. Тінту кезінде судьяның кабинетінен 10 мың доллар тәркіленген.

Ол бұл ақшаны ипотека рәсімдеу үшін жинағанын айтқан. Келесі жылы Жоламанова қылмыстық іс тоқтатылғанын айтып, қызметін қалпына келтіруге тырысқан. Бірақ 2023 жылдың 12 мамырында ол ресми түрде жұмыстан шығарылды. Енді міне, іс қайта жанданып жатыр.