×
488.53
531.91
5.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.53
531.91
5.68

Аудиторлар мектептерде 66 млрд теңге тиімсіз пайдаланылғанын анықтады

Аудиторлар мектептерде 66 млрд теңге тиімсіз пайдаланылғанын анықтады
ЖИ / ulysmedia.kz

Жоғары аудиторлық палатасы орта білім беру саласында 66 миллиард теңгеге жуық ақша тиімсіз пайдаланылғанын анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОТЫРЫСҚА КІМ ҚАТЫСТЫ

Бұл жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижесінде анықталған. Жоғары аудиторлық палата орта білім беру саласын дамытуға және оның сапасын арттыруға бөлінген қаражаттың пайдаланылу тиімділігіне аудит жүргізді. Аудит нәтижелері Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Жоғары аудиторлық палатаның отырысында қаралды. 

Талқылауға оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, министрліктердің жауапты лауазымды тұлғалары, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары қатысты.

МЕКТЕП САНЫ

2019 жылдан бергі кезеңді қамтыған аудиторлық іс-шараның қорытындысына сәйкес, Қазақстанда мектептер саны тұрақты өсіп келеді. 2023-2024 оқу жылында олардың саны 7,8 мыңнан асқан. Оқушылар мен оқытушылар саны да артып келеді. Орта білім беру жүйесін қаржыландыру да тұрақты өсіп отыр. Бұл салаға жұмсалған шығыстар 2019 жылғы 1,3 трлн теңгеден 2024 жылы 4,8 трлн теңгеге дейін, яғни 3 есе артқан. 

ПРОБЛЕМАЛАР

Алайда жүргізілген мемлекеттік аудит орта білім беруді дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін төмендететін бірқатар проблемалық мәселелер мен жүйелі кемшіліктерді анықтады. Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі Нұрлан Нұржановтың айтуынша, олар стратегиялық жоспарлауға, білім беру сапасын бағалауға, педагогтерді даярлауға және оларды жұмысқа орналастыруға, оларды қайта даярлау сапасына, білім беру процесін әдіснамалық қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік реттеу мен бақылауға қатысты. 

АУДИТ НӘТИЖЕСІ

Жалпы мемлекеттік аудит барысында:

  • 1,1 млрд теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар;
  • 62,4 млрд теңгеге қаражат пен ресурстарды тиімсіз жоспарлау;
  • 3,2 млрд теңгені тиімсіз пайдалану анықталды.