Шымкенттің антикорын басқарған Ерғарин Ақордаға қызметке келді

Сымбат Сатыбалдина

Шымкенттің антикорын басқарған Дәурен Ерғарин Ақордаға қызметке келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ulysmedia.kz коллажы

ЖАРЛЫҚ

- Мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Тілекұлы Ерғарин Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, делінген Ақорда хабарламасында. 

Ал бұған дейін бұл қызметті атқарған Алексей Калайчиди Тоқаевтың өкімімен лауазымынан босатылды.

Дәурен Ерғарин 2023 жылдың қаңтар айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы болып тағайындалып, бұл қызметті 2024 жылдың тамызына дейін атқарған. Бұған дейін ол Ақтөбе облыстық антикор басшысы болған.

ТАҒЫ ТАҒАЙЫНДАУЛАР

Сонымен қатар, президенттің өкімімен Ербол Адаев Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Адаевқа дейін президент әкімшілігінің жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметін Нұрдәулет Төлеев атқарған болатын.