Түрмедегі туған күн: ІІМ ҚАЖК басшылығын отставкаға жіберуі керек — Әбенов

Сымбат Сатыбалдина

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Шерзатты өлтірді деген күдіктілер уақытша ұстау изоляторында туған күн атап отырғаны туралы видео тарағаннан кейін Қазақстанның ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетін отставкаға жіберуі керегін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәжілісменнің сөзінше, демалыс күндері видео тарап кеткендіктен ІІМ басшылығы дүйсенбі бірден отставка туралы шешім шығаруы керек еді. 

ҚАЖК қылмыскерлерге “ерекше жайлы жағдай” жасап қойған ба?, дейді Әбенов. 

ТАРАҒАН ВИДЕО 

Шерзаттың өліміне қатысы бар деген күдіктілердің түрмеде мәз-мейрам болып, туған күндерін тойлап отырған бейнежазба кеше тараған еді. Бейнежазба Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының уақытша ұстау изоляторында 8-9 ақпанда түсірілген. Видео Ұлысмедиа редакциясына жіберілді. 

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.

ҚАРЖАУБАЙДЫҢ ҰСТАЛУЫ

Талғарда 10 желтоқсан күні полиция Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовты ұстаған еді. Бауыры Нұрқанат Ғайыпбаевті қара жерге тапсырғаннан кейін Қаржаубай Нұрымов пен оның туған-туыстары құқық қорғау органдары қызметкерлерінен тағы да әділ тергеуді талап еткен еді. Видео әлеуеттік желілерде пайда болған. Нұрқанат пен Шерзаттың туған-туыстары жолға шығып, болған жайтты баян еткен. Наразылықтарын жеткізген. Кейін Шерзаттың әкесі мен әпкесі 15 күнге қамалғаны белгілі болды. Белсенді әрі Қаржаубай Нұрымов ұсталған кезде оқиға орнында болған куәгер Дінмұхамет Қаматай Нұрымовты ұстар алдында ол "полиция қызметкеріне пышақпен шабуыл жасады" деген ақпаратты жоққа шығарған.