×
502.47
525.83
5.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.47
525.83
5.68

"Украина қасиетті соғыс жүргізіп жатыр": Ермұрат Бапи өтемақы туралы айтты

Бүгін, 16:56
"Украина қасиетті соғыс жүргізіп жатыр": Ермұрат Бапи өтемақы туралы айтты
Коллаж Ulysmedia

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Каспий құбыр консорциумы (КҚК) нысанына шабуыл жасаған Украинадан Қазақстанның өтемақы талап етуге моральдық құқығы жоқ екенін айтты, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz

 

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ермұрат Бапи КҚК-ға шабуыл жасағаны үшін Украина билігінен өтемақы талап етуді ұсынған әріптестерімен үзілді-кесілді келіспейтінін жазды. Мәжілісменнің айтуынша, Киев агрессорға қарсы «қасиетті соғыс» жүргізіп жатыр.

Бізде бұған моральдық та, заңды да құқығымыз жоқ. Үш жылдан астам уақыт бойы Украина соғыс жағдайында болды және оның аумағына опасыздықпен басып кірген агрессорға қарсы аман қалу үшін қасиетті шайқас жүргізді. Осы соғыс аясында ол өз елін, халқын және тәуелсіздігін қорғау үшін қажет деп санайтын тактика мен стратегияны таңдауға толық құқылы, – деп жазды ол.

Депутаттың пікірінше, КҚК – Ресей аумағында орналасқан инфрақұрылымдық нысан, сондықтан оған жасалған соққы Қазақстанға жасалған шабуыл емес, әскери қажеттілік.

Украина үшінші елдерге зиян келтіруге тырыспайды, бірақ өзінің өмір сүруі үшін күреседі, өз халқы мен мемлекеттілігін қорғайды. Мәлімделген 300 миллиард теңге шығынға келетін болсақ, иә, бұл үлкен сома, бірақ менің ойымша, бұл Ресейден немесе аспаннан алынған болуы мүмкін. Нақты шығын құбыр бірнеше ай бойы істеп шығып қалса ғана болады. Сонда да Украинаның жазығы жоқ, бар кінә бір кездері Қазақстанның мұнай-газ экспортының көпвекторлығын қамтамасыз етпегендерде, - деп түсіндірді ол.

Бапи мұнайды тек Ресей бағыты арқылы экспорттау «ескі Қазақстан» өкілдері жіберген стратегиялық қателік деді.

ТАҚЫРЫПҚА ТҰЗДЫҚ

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін украиндық дрондар Каспий құбыр консорциумының нысанына шабуыл жасаған. Кейін шабуыл салдары 1,5 айдан 2 айға дейін жойылатыны белгілі болды, бұл Қазақстаннан мұнай айдау көлемінің шамамен 30%-ға төмендеуіне әкелуі мүмкін. Украина КҚК нысандарына жасалған соққыны растап, мұндай операциялар жалғасатынын ескертті.

Мұнай өндіру саласындағы сарапшы Олжас Байділдинов Каспий құбыр консорциумы (КҚК) объектісіне жасалған шабуылдан болатын залалды бағалады.