Бір-біріне орындық лақтырған: Алматыда оқушылар жаппай төбелес шығарған

Сымбат Сатыбалдина

Алматыда оқушылар жаппай төбелес шығарған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Видео кадры

ВИДЕО

Әлеуметтік желіде тараған видеодан оқушылар сауда орталығында жаппай төбелес шығарып, тіпті бір-біріне орындық лақтырғанын көруге болады. 

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Алатау аудандық полиция басқармасы бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қақтығысқа қатысушылардың барлығы анықталып, полицияға жеткізілген. 

Олардың әрқайсысының іс-әрекетіне тергеу арқылы құқықтық баға беріліп, ҚР-ның заңнамасына сәйкес шаралар қолданылатын болады. 

- Сонымен қатар, қылмысқа қатысушылардың ата-аналары балаларын тәрбиелеудегі міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Жасөспірімдер оқитын жалпы білім беру ұйымдарының әкімшілігіне қылмыс жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстар жіберілді, дейді полиция өкілдері.  

Оқиғаға қатысушылардың барлығы есепке алынған.

Сондай-ақ, қылмыстық іс бойынша әрбір күдіктіге қатысты материалдар Алатау ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ведомствоаралық комиссияда қаралатын болады.