Түрмелердегі шудан кейін қылмыстық атқару жүйесі комитетінің бастығы ауысты

Сырым Қаржас

Мемлекет басшысының өкімімен Абай Серікұлы Қайырбеков ішкі істер министрінің орынбасары – қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.

ашық дереккөзден

РЕСМИ ӨМІРБАЯНЫ

Абай Қайырбеков 1975 жылғы 29 мамырда Қарағанды облысында дүниеге келген. 1997 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, 2002 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған.

1998 жылдан бастап ішкі істер органдарында қызмет атқарып келеді. Еңбек жолын кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі жедел уәкіл қызметінен бастаған. Кейін ҚР ІІМ құрылымдарында әртүрлі (соның ішінде жедел) лауазымдарды атқарған. 2011 жылдан бастап ІІМ орталық аппаратында басшылық қызметтерде болған.

Қаңтар айында ҚАЖК төрағасы қызметінен 2024 жылдың басынан бері аталған лауазымды атқарған Теңіззжан Жәнібеков босатылды. Қайырбеков комитет төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалған еді.

ТАРАҒАН ВИДЕО 

Талғарада Шерзат Полаттың өліміне қатысы бар деген күдіктілердің түрмеде мәз-мейрам болып, туған күндерін тойлап отырған бейнежазба кеше тараған еді. Бейнежазба Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының уақытша ұстау изоляторында 8-9 ақпанда түсірілген. Видео Ұлысмедиа редакциясына жіберілген. Қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны және тиісті бақылау жүргізбегені үшін 16 басшы мен қызметкер қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылған, соның ішінде ҰҰИ бастығы да қызметінен босатылған.

Жақында “Мой город” басылымы сотталғандар психологиялық және физикалық қысым көріп жатқанын жазды. Оның сөзінше, тұтқындарды үнемі ұрып-соғып, намысына тиетін көрінеді, жеке заттарын тартып алады, суицидке итермелейді.. Жазасын өтеп жатқандардың айтуынша, екі адамға арналған камераларда бес адамнан отыр. Ғимарат ескірген, су ағып тұр, санитарлық жағдай төмен.