×
499.22
519.14
5.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.22
519.14
5.64

Әр азаматтың ел тағдырына жауапты екенін толық сезіне білуі маңызды – Тоқаев

Бүгін, 08:11
Әр азаматтың ел тағдырына жауапты екенін толық сезіне білуі маңызды – Тоқаев
Ақорда

Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс айту күнімен құттықтауын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚҰТТЫҚТАУ

Президент құттықтауынша, бұл жарқын мереке азаматтарымыздың бір-біріне деген ризашылығы мен тілектестігінің, шынайы құрметінің символы саналатынын атап өткен. Халқымыз ғасырлар бойы берекелі бірлігі мен туған жерге деген шексіз сүйіспеншілігінің арқасында ең күрделі сынақтар мен қатерлерді еңсере білгенін, осы іргелі құндылықтар жалпыұлттық бірегейлігіміздің ажырамас бөлігіне айналғанын жеткізген.

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толады. Бұл құрылым қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосып келеді. Қазір біздің алдымызда жүйелі әрі ауқымды реформаларды жүзеге асыру міндеті тұр. Осы орайда, әр азаматтың ел тағдырына жауапты екенін толық сезіне білуі маңызды. Біз жұдырықтай жұмыла білсек қана, үйлесімді және әділетті қоғам құру жолында жетістікке жетеміз. Туған елдің игілігі үшін адал әрі тынымсыз еңбек етіп жүрген барша отандастарыма алғыс айтамын. Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! – делінген құттықтауда.

АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНІҢ ТАРИХЫ

2016 жылдың 14 қаңтарында 1 наурыз елімізде Алғыс айту күні деп жарияланған. Бұл мереке – Қазақстан халқын біріктіруге бағытталған, еліміздің тарихына құрмет көрсетіп, барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын күн. Азаматтардың бір-біріне құрмет көрсетіп, алғыс айтатын мереке.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде кеңес үкіметі көптеген халықты күштеп көшірді. Кавказ елдерін, корей диаспорасын айдауға салып, Қазақстанға жер аударып отырды. 1946 жылы кеңес одағында жер аударылғандардың саны 2,5 миллионға жеткен. Ал ішінде Қазақстанға қоныс аударғандар саны 1 миллион 200 мың адам. Кейін өзге ұлт өкілдеріне өз отандарына қайтуға рұқсат берілді. Десе де көбі қазақ жерінде қалып, осы елде еңбек етіп келеді.