Зеленскийді тағы бір кездесу күтіп тұр

Сырым Қаржас

Ақ үйдегі сәтсіз кездесуден кейін Владимир Зеленский Ұлыбританияға аттанды. Украина президенті мінген ұшақ Лондонның Станстед әуежайына келіп қонды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz РБК-ға сілтеме жасап.   

Emilija Jefremova / Reuters

ТОЛЫҒЫРАҚ

Екі басшылары арасындағы ұрыс-керістен соң британ премьер-министрі Кир Стармер АҚШ президенті Трамппен және Украина көшбасшысы Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті.

Ертең, 2 наурызда Лондонда Еуропа елдерінің көшбасшылары Зеленскиймен кездеседі. Бұл жиында Еуропа Украинаға қандай қауіпсіздік кепілдігін бере алатыны туралы мәселе талқыланады.