"Ақшаның көзі Қытайда". Кәсіпкер қазақтарға тез байып кетудің жолын айтты

Сымбат Сатыбалдина

Кәсіпкер Талғат Асылов тез байып кетудің жолын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Ulysmedia.kz коллажы

КӘСІПКЕР НЕ ДЕЙДІ

- Енді Дубай, Түркия, Мысырға бармаңыздар. Не үшін? Себебі кейбіреулер сол жерге бару үшін бір жыл ақша жинайды, кейбірі несие алып барады. Алатын ешқандай пайда жоқ. Қытайға үшінші рет келіп отырмын. Тауарларымызды жібердік. Ақшаның көзі қытайда екеніне тағы да көзім жетті. Бәрінен дамып кеткен осы Қытай.

Бізге құдай беріп қойған шекаралас мемлекет. Ешқандай да виза керек жоқ. Міндетті түрде келу керек, көру керек. Даму керек, осылардан бірнәрсе үйрену керек. Құры бұларды жамандай беріп, көре алмай отыра бергенше, келіп, көру керек, дейді кәсіпкер. 

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШЕТЕЛДІК ЖҰМЫСШЫЛАР

1 ақпандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 072 шетел азаматы еңбек етеді. 

ҚАЙ ЕЛДЕН КӨП КЕЛЕДІ

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 4 778 адам, Түркия – 1 158 адам, Үндістан – 1 121 адам, Өзбекстан – 623 адам.